Патриоттық әндер шырқалды

(0 Votes)

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде мектеп оқушылары арасында аудандық әскери-патриоттық ән байқауы өткізілді.

Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайыс батырлардың көрсеткен ерлігін, бүгінгі бейбіт өмірде өмір сүріп жатқан жас ұрпаққа насихаттау және оқушылардың шығармашылығын дамытуды мақсат етті. 14-17 жас аралығындағы оқушылар жанды дауыста патриоттық әндерді шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қазақ сахнасының ән қоржынындағы саусақпен санарлық әскери әндерді әрбір қатысушы нақышына келтіре орындауға тырысты. Ең бастысы, қатысушылардың дайындығы ерекше.

Сайыстың әділқазылар алқасы қатысушылардың ұсынған музыкалық нөмірлерін саралай келе, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Аружан Хасанова және О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің оқушысы Гүлнұр Қуанышева І орынмен марапатталды. О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің оқушысы Гүлнұр Мұратова ІІ орын, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Айбат Отаубаев және М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушысы Дулат Қуанышев ІІІ орынға ие болды.

Қалған қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хат табысталды. Аудандық іріктеу сыннан сүрінбеген сайыскер облыстық кезеңге жолдама алды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521