27 кезекші сынып ашу жоспарлануда

(0 Votes)

Ауданымызда 2020 – 2021 оқу жылын 9 жалпы білім беретін орта мектепте 6000 оқушымен бастау жоспарланып отыр. Бүгінгі күннің есебі бойынша ауданға қарасты барлық білім беру ұйымдарында ата-ананың өтінішіне сәйкес 277 бастауыш сынып оқушысымен, «Бір сынып-бір мұғалім» қағидасына сүйене отырып, 27 кезекші сынып ашу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Кезекші сыныптар жұмысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес мектеп жасындағы балалардың денсаулығының қауіпсіздігін ескеріп, сақтық шараларын қатаң сақтай отырып іске асырылуда. Осыған байланысты білім беру ұйымдарын залалсыздандыру, санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету (тоннельдер, санитайзерлер, тепловизорлар, аяқ киім үшін кілемшелер) Залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Білім беру ұйымдарында цифрлық білім беру ресурстарымен жабдықтауда «BilimLand.kz», «Kundelik.kz» интернет-платформалармен келісім-шарт жасақталып, қазіргі таңда Қашықтық режимінде жұмысты ұйымдастыру үшін бейне-стриминг қызметіне жазылу жұмыстары қолға алынды.

2008201159428450f

Қашықтықтан кедергісіз білім беру, оқыту пәнінің сапалы меңгеруін ұйымдастыру мақсатында «Online мektep» Оқыту порталымен келісім-шарт жасақталуда.

Оқыту порталдарының міндеті – оқушылардың оқу орындарының қайда орналасқанына, олардың әлеуметтік және денсаулық жағдайларына қарамастан, оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған міндет порталдарға онлайн немесе интернетсіз оффлайн құрылғылар арқылы қосылуды жүзеге асыру арқылы іске асырылады. Сонымен қатар, «Online мektep» Оқыту порталында – 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін қазақ және орыс тілдеріндегі барлық пән бойынша 4 тоқсан арналған бейнесабақтар мен интерактивті жаттығулар жиынтығымен қамтамасыз етілген. Ол мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауына (кері байланыс) және қашықтан оқыту кезінде оқытуды ұйымдастыруға  арналған ақпараттық цифрлық білім беру порталы болып табылады.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521