Зорлық-зомбылық азаймай тұр

фото: аудандық орталық кітапхананың фб парақшасынан алынды
(0 Votes)

            Қазіргі қоғамда отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.

vf0fn-rtyn3-tr6r5r

jfhbgnyrt563096

Аудан әкімдігі жанындағы  әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен ауданымызда 25 қараша - 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ 16 күн!» халықаралық акциясы өтуде. Аудандық орталық ауруханадан бастау алған акция аясында ішкі саясат бөлімінің және полиция бөлімінің мамандары кітапханада, сауда үйі мен дүкендерде, білім беру ұйымдары мен мекемелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты. Сонымен қатар ардагерлермен де онлайн кездесу ұйымдастырылды.

jkmybwf-fjkg67987

Осындай шаралар зорлық-зомбылық статистикасының төмендеуіне аз да болса үлес қосады деген үміт бар.

                                                                                                                        А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT