Мақат балалар өнер мектебінен жағымды жаңалықтар легі келіп түсті. «Жадыра, жас дарын!» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АҚ СӘУЛЕЛІ АЛТЫН ТАҢ!» фестиваль-конкурсы өткен болатын.
Жастар арасында халықтық өнерді дәріптеу, шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына ықпал ету мақсатында өткен додаға аталмыш өнер мектебінің шәкірттері де бақ сынап, жүлделі орындарға ілікті.
Мәселен, «Күйсандық» мамандығының оқушысы Карим Әсем ІІІ орынға табан тіресе, «Қобыз-прима» мамандығының оқушысы Кетеш Аяулым ІІ орын иеленді. «Домбыра-тенор» мамандығының шәкірттері де ерлеп тұр. Бұл жарыста Ерболұлы Асылжан мен Қараман Дария І орын, Ұлықпан Бектемір, Хайруллина Асель мен Сағытжан Ерасыл ІІ орын алса, Әзілхан Оралжан мен Жайлыбай Ақзер ІІІ орынды қанағат тұтты.
А.САДЫКОВ