ІІ Халықаралық «Ұлы дала рухы» фестиваль – байқауында топ жарды

(0 Votes)

Жүлдеден жүлде қоймай, толағай табыстарға қол жеткізген Мақат балалар өнер мектебінің кезекті жүлдесі  «Balbulaq» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен ІІ Халықаралық «Ұлы дала рухы» фестиваль - байқауы болды.

Мақат балалар өнер мектебінің «Күйсандық» мамандығының оқушылары  Аянат Қайратқызы  «Бас жүлдеге» ие болса,  Нұрдаулет Бейбіт  пен  Айғаным Дулатқызы  да алдыңғы лектен көрініп І орын алды. Додадан екінші орынға ие болғандар да жоқ емес. Солардың бірі  Жанай Аяулым мен  «Қобыз-прима» үйірмесінің  оқушысы Орынғали Нұрай. Дәстүрлі жолды дәріптеп жүрген «Домбыра-тенор» оқушылары да жарыс жолында аянып қалмады. Бас жүлдеге Хайруллин Ахмет пен Бағытжанұлы Таңнұр табан тіресе,   Сағын Інкәр, Демеу Гүлзар, Темірбекұлы Мәди мен Жолдасқали Жанель жүлделі І орынға ие болды. Ең қызығы бұл бағыт бойынша да  екінші орындар алғандардың саны басым. Олар:  Абайқызы Алина, Алдаберген Әбілмансур,Сергей Мәди, Асылбек Сәруар, Қайырбекқызы Інжу, Ерғали Фатима, Жайлыбай Нұрпейіл.  Кіл мықтының арасынан үздік үштікті Арсен  Карим түйіндеді.

Сондай-ақ  лауреаттарды дайындаған А.Ильясов, Р.Түсіпқалиева, Г.Омарова, С.Айдарғалиева ұйымдастырушылардың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521