Құжаттарды үйден шықпай-ақ алуға болады

(1 Vote)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы    бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша аудандық бөлімі және аудандық жер қатынастар, сәулет және қала құрылыс бөлімімен бірлесіп, аудандық «Мақат желілік өндірістік басқармасы» бөлім қызметкерлеріне электрондық  қызметтерді  алу  және пайдалану, Egov mobilе, Телеграмм мессенджерінен анықтамаларды алу  бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.

2020 жылға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыруға арналған іс-шара барысында бөлім басшысы Э.Утебаева қызметкерлерге электрондық қызметтерді тиімді алу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, «Телеграмм» мессенжерінің мүмкіндіктерін айтып, «Egov mobilе» қосымшасы арқылы  қызметтер мен сервистерді қалай пайдалануға болатынын жеткізді. Жиналысқа қатысушыларға онлайн түрде жүргізуші куәлігіне тапсырыс беру жолдарын айтты.

img-20200228-wa0009

Аудандық жер қатынастар, сәулет және қала құрылыс бөлімінің бас маманы А.Қонысқызы аталмыш бөлімі арқылы «Жерге орналастыру жобасын бекіту» мемлекеттік қызмет түріне қандай құжаттар керектігін және осы мемлекеттік қызмет түрін қағаз жүзінде немесе «Elicense» порталы арқылы электронды түрде тапсыруға болатынын айтып өтті.

Қызметкерлер үйден шықпай-ақ, құжаттарды оңай рәсімдеудің жолдарын үйрену мүмкіндігіне ие болғандары үшін алғыс білдірді.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521