Ораза айтымыз құтты болсын!

(1 Vote)

Міне, Қасиетті ай аяқталып, Ораза айт мерекесіне ұласты.

Айттың мән-мағынасына келсек, Айт - қуаныш пен шаттыққа толы күн деген мағынаны немесе мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді екен. Аллаһ Тағала айт сайын адам баласына әр түрлі жақсылықтар береді. Ораза айт мейрамы үш күн бойы тойланады. Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен басталады.

«Мейрам» деген сөз адам жанына бір тыныштық ұялататыны сөзсіз. Біз туған-туыстарымызбен, достарымызбен кездесеміз. Ораза айттың құрметіне бір-бірімізге сыйлық тарту етіп жатамыз.

Ақиқатында, аталмыш мейрамның екі үлкен міндеті бар. Олар: айт намазын оқу және пітір садақа беру. Пітір садақа оразамен бірге Алла Тағала тарапынан ұйғарылған. Пітір садақа уәжіп болып табылады, оны айт күні беруге не болмаса мейрамның алдындағы күндері, яғни, Рамазан айында да беруге болады.

Ораза айт мейрамы біздің жанымызға тыныштық пен қуаныш сыйлайды. Мейрам — бұл бір ризашылық. Мейрам күндері — күнәлардың кешірілуінің мүмкіндігі, жүректердің мейірімділікке толатын кезі.

Мейрам күндері біз ешкімді ренжітпеуге, біреудің көңілін қалдырмауға әрі үнемі күлімсіреп жүреміз. Ораза айт мейрамы Алла Тағала разылығына кенелуге зор мүмкіндік беретін кез. Алайда Рамазан айын лайықты өткізген жандар ғана бұл мейрамның қадір-қасиетін толыққанды түсіне алады.

Естеріңізде болсын, жұма – бір аптаның мейрамы болса, Ораза айт пен Құрбан айт — бір жылдың мейрамы...

Қасиетті Рамазан айынан кейін келген ұлық мереке - Ораза Айт баршамыз үшін құтты болсын! Туған Отанымыз - Қазақстанымыз бейбітшілік пен татулықтың құшағында өсіп-өркендеп, ана тіліміздің мәртебесі арта берсін, ислам діні қанатын кеңге жая берсін! Қазақстандағы әрбір шаңырақтың құт-берекесі молая түссін!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521