Жастар үшін үлкен мүмкіндік

Жастар үшін үлкен мүмкіндік
фото: https://egemen.kz
(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек» деген сөзі – заман сұранысынан туындаған нақты әрі өзекті бағдар. Қазіргі әлемде технологиялық артта қалу – тек экономикалық емес, стратегиялық қауіпке де айналады. Сондықтан цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні меңгеру – әр азаматтың ортақ жауапкершілігіне айналуы тиіс.

Бүгінгі бастамалар тек жүйені жаңғырту емес, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Әсіресе жастар үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Білім мен еңбекке негізделген цифрлық дағдылар елді жаңа биікке жетелейді.

Сандық технология – Қазақстанның болашағы. Ал оған бастар жол – бірлік, білім және табандылықпен жасалған қажырлы еңбек.

 

С.Мұрат,

кент тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT