Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 17 қазан күні М.Баймұханов атындағы орта мектебінде "Дарынды балаларға-талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Педагогикалық олимпиада жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыруды мақсат етті.
Педагогикалық олимпиадаға білім беру ұйымдарынан 20 жас мамандар қатысып, жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің жүлделі І, ІІ, ІІІ орын дипломдарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Мақат аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі