АУДАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

АУДАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
(0 Votes)

Бүгін ауданымыздың 100 жылдығы және Тәуелсіздік күні қарсаңына орай ауданның орталық алаңында Мемлекеттік рәміздер алаңы ашылды. 

Рәміздер алаңының ашылуына аудан әкімі Азамат Мәмбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Ашылу салтанатында аудан басшысы Азамат Саматұлы тұрғындарды алаңның ашылуымен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің айбары саналатын Мемлекеттік Рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін деген тілегін білдірді.

Әрі қарай аудан басшысы мен ардагерлер кеңесінің мүшесі Қабылхан Омаров аталған алаңды салтанатты түрде ашып, лентасын қиды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік Гимн орындалып, татулық пен бейбіт өмірдің бейнесі болған Мемлекеттік Ту көкке көтерілді.

Шара соңы аудан көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT