Заманмен үндесіп, оқырманымен тілдесіп, өз миссиясын сұранысқа сай орындап келе жатқан Мақат аудандық «Maqat tynysy» газетінің «www.Maqat-tynysy.kz» сайты жаңалықтың жаршысы болып келеді.
Мұнда мемлекеттік, облыстық, аудандық деңгейдегі жаңалықтар күнделікті оқырманға жол тартып отыр. Ақпараттық «майданның» жауынгерлері іспетті біздің журналистер дайындаған материалдар сайтқа салынып, әлеуметтік желінің барлығында таратылып жатыр.
Жерлестеріміз мәдени-спорттық жетістіктері, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өркендеу бағытындағы қадамдары, қоғамдағы проблемалар жазылып келеді.
Қазіргі таңда сайт арқылы ақылы материалдар мен жарнамалар беру мүмкіндігі жасалып жатыр.
Ендеше, қадірлі оқырман, біздің сайтқа жарнамаңызды орналастыруға тапсырыс беріңіз!
«Біз сіздермен біргеміз!»
Maqat tynysy