Мақат ауданына қарасты Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының мәжіліс залында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді.
Оған ауданның жергілікті атқарушы органдары басшылары, жауапты мамандары қатысты.
Жәрмеңкеде жұмыспен қамту, жер, тұрғын-үй, білім, спорт, ветеринария, ауыл шаруашылығы салалары бойынша азаматтардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Барлығы 57 азамат мемлекеттік қөрсетілетін қызмет аясында кеңестер мен ақпараттар алды. Атап айтқанда, жұмыспен қамту саласында 18 азаматқа, жер саласында 7 азаматқа, тұрғын үй саласында 11 азаматқа, білім саласында 11 азаматқа, ауыл шаруашылығы саласында 4 азаматқа, ветеринария саласында 3 азаматқа, спорт саласында 3 азаматтың сауалына жауап берілді.
«Электрондық үкімет» арқылы көрсетілетін қызметтерді алу жолы да үйретілген шара аясында 120 жадынама таратылды.
Екі мың тұрғыны бар елдімекен тұрғындары осылайша мемлекеттік қызметтің мән-жайына қанықты.
Мақат тынысы