Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз

(0 Votes)

Өткен жылы елімізде үлкен екі саяси науқан өткен болатын. Ел болып Ата Заңымызға өзгеріс енгізсек, соның аясында кезектен тыс президент сайлауы да өтті. Ал кеше өткен мəжіліс пен барлық деңгейдегі мəслихаттарды сайлау науқаны еліміздің даму жолында маңызды рөл атқаратын, жаңғырудың жаңа үрдісі болып табылады. Сондай-ақ, жаңарудың алғашқы баспалдағының бірі болмақ. Жалпы, соңғы уақытта мемлекетіміздегі оң өзгерістер халықтың билікке деген сенімін арттыра түскені баршаға мәлім. Ал депутаттар сайлауы одан әрі сенімді нығайта түсті.

Сондықтан, кандидат ретінде, бізге әрбір тұрғынның дауысы маңызды болды. Десе де, халықта дер кезінде дұрыс және саналы таңдау жасай білді. Алайда, қоғам арасында әртүрлі пікірлер кездесіп, сайлауға сенімсіздік танытқандар да кездесті. Қалай десек те, сайлау - еліміздің ертеңін айқындайтын қоғамдағы ауқымды шара болды. Осы тұста айта кету керек, сайлауға түскен әрбір кандидат саясаттан хабары бар өте сауатты және халықтың сеніміне ие жандар.

Осы ретте менің сайлауалды бағдарламаммен танысып, қолдау көрсеткен әрбір жанға алғысым шексіз. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Жаңа қазақстанды сіз бен біз бірге құрайық!

Р.Тайшекенова,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT