Құр сөзбен емес, нақты іс танытуымыз қажет

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы жаңа кезеңге жол ашты.

Елдігіміздің сынға түсер шағында кандидаттар арасындағы бәсекелестік те жоғары болды. Себебі, әрбір кандидат сайлау алдында халықты өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ел болашағы үшін жасалатын жұмыстар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізген еді. Осы өңірдің тумасы ретінде түйіткілді мәселелер маған етене таныс және оларды шешу үшін қандай шаралар қолдану керек екендігі маған мәлім. Сондықтан менде бұл сайлауда бағымды сынап көрген едім.

Нәтижесінде, сайлаушылар өз таңдауын жасады. Осы жолғы сайлауда халық қалаулыларының қалауы орындалып, депутаттар әділ түрде сайланды деп есептеймін. Ендігі жердегі біздің міндетіміз - халықтың сеніміне селкеу түсірмей, мемлекетіміз де ашық, жариялы, қоғам құру бағытында жүйелі түрде дұрыс жұмыс жасау.

Сондай-ақ, халыққа берген уәдемізді құр сөзбен емес, іспен дәлелдеу.

А.Шаңғалаев,

Аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT