Жәрмеңкеде тәртіп жоқ

(0 Votes)

Газетіміздің №1-2 санындағы «Тыңдаңызшы тілші...» айдарына түрткі болған Мақат кентінің тұрғыны Бекәлы Төлегеновтың жанайқайы. Редакциямызға аяқтай келген ағамыз Парасат көшесіндегі «Думан» базары һәм аталмыш сауда орнындағы апталық жәрмеңкенің тәртібі жайында сөз қозғады.


Айтуынша, адам аяғы көп шоғырланатын аталмыш жәрмеңкеде белгіленген тәртіптің жоқтығы былай тұрсын, қарапайым тазалық шаралары да сақталмайды екен. «Жәрмеңкеде арнайы сауда сөрелерінің жоқтығының кесірінен сатушылар тауарларын жерге жайып саудалауға мәжбүр. Түптеп келгенде бұл санитарлық нормаларға да қарма-қайшы емес пе?»,- деген Б.Төлегенов жәрмеңкенің жабайы саудаға айналмағанын қалайды.


Сондай-ақ, сабылысқан сауда орнында не арнайы автотұрақ та белгіленбеген. Ал бұл адамдардың емін-еркін жүріп-тұруына кедергі келтіреді. Шешімі табылмай тұрған мәселелерді тізбектеген ақсақал бұл көшеде жол-көлік оқиғасы жиі орын алатынын да жеткізді. Жауынды күндері сауда орынында тіптен аяқ алып жүру мүмкін емес көрінеді.
Тұрғынның жеткізген жанайқайына жауаптылар газетіміздің алдағы сандарында тиісті жауабын береді деген сенімдеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT