Ауданда төтенше жағдайға қарамастан алкоголь өнімдері сатылған

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, Атырау облысында Төтенше жағдай режимі енгізіліп, жарлыққа сәйкес барлық жерлерде алкогольдік өнімдерді сатуға тиым салынған болатын.


Алайда, бұл шектеуге қарамастан ауданда алкогольдік өнімдерді саудалаған 2 дерек анықталды. Алкоголь өнімдерін сату туралы заң талаптарын бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған дүкен иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы 1 бөлігі 5 тармағы бойынша (қарумен, күшті әсер ететін зимиялық және ұлы заттармен, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу) әкімшілік хаттама жасақталып, аудандық сотқа жолданды. Айта кететін жайт, алкоголь өнімдерін сату туралы заң талаптарын бұзған кәсіпкерлердің бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.


Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы бойынша барлығы - 60 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Олар: ҚР ӘҚБтК-нің 1 бабы 1 бөлігі 1 тармағы (келу мен кетудің ерекше режимін бұзғаны үшін) - 37 тұлға, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы 1 бөлігі 9 тармағы (көлік құралдарын басқарғандар) - 11 тұлға, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы 1 бөлігі 10 тармағы (коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын жеке куәлігі болмағандар) - 10 тұлға жауапқа тартылды.


Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 19-ына дейін өңірде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында коменданттық сағат енгізілген болатын. Түнгі 11-ден таңғы 7-ге дейін жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысына тыйым салынған.

Аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT