ЛӘҢГІ ТЕБУДЕН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР

ЛӘҢГІ ТЕБУДЕН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР
(0 Votes)

Бүгін ауданымызда ауыл шаруалығы күні мерекесіне орай лəңгі тебуден аудандық ашық турнир өтті.

Ашық турнир – ұлттық спорт түрі ләңгі тебуді дәріптеу, жастарды салауатты өмір салтына баулу, сонымен қатар ұлттық ойын арқылы ептілік пен шапшаңдықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Турнир Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ертеден келе жатқан ұлттық спортымызды ұлықтауға Индер, Қызылқоға, Махамбет, Исатай, Жылыой, Құрманғазы, Мақат аудандарынан келген 70-ке жуық спортшы қатысты.

Нәтижесінде лəңгі тебуден жасөспірімдер арасында жүлделі I орынды қызылқоғалық Болатбек Қуанұлы еншілесе, II орынды  жерлестеріміз Əділет Болат, III орынды  Мансұр Амангелді жеңіп алды.

Ал ересектер арасындағы I орынды қызылқоғалық Шерхан Еңсегенұлы жеңіп алса, II орынды мақаттық Мұрат Қайыров, III орынды Дінмұхаммет Сұлтанғалиев еншіледі.

Жеңімпаздар арнайы диплом, кубок және медальдармен марапатталды.

С. Бекарыс

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT