Мақат кентіндегі ардагерлер үйінде Мақат орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов пен Доссор мешітінің имамдары, аудандық ардагерлер кеңесімен бас қосты.
Бүгінде қалыптасқан ахуал төңірегінде әңгіме өрбіткен қарттар жаназа мәселесіне келгенде пікірлері алшақтады. Жиында таяуда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қолдауымен жарық көрген "Жаназа және жерлеу рәсімдері" атты кітапқа кеңінен тоқталып, кітапта көрсетілген қағидаларға амал ету тұрғысында өтініш қылды.
«Көптеген жерлеу рәсімдері, сонымен қатар садақалар мен күзет секілді дәстүрлі жиындарға жайылатын дастархандағы ысырапшылықтың белең алынғаны көптен бері айтылып жүр. Осы орайда ел болып, ақсақалдар болып жүрген жерлерімізде осы келеңсіздікке жол бермеуді насихаттап жүрейік» дейді бас имам. Сондай-ақ, ақсақалдар өз ұсыныстарын, көкейіндегі сұрақтарын жолдап, үлкен мәнге ие басқосу болды.
А. САДЫКОВ,
сурет автордікі