Аптаның дүйсенбісінде ауданға ҚР Президенті әкімшілігінде құрылған балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау жүйесі қызметінің сапасын көтеруді зерделеу мақсатындағы жұмысшы тобы келді.
Жұмыс тобы әуелі аудан әкімдігінде аудан әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен өткен жиынға қатысты. Одан өзге жиынға әлеуметтік сала және білім беру ұйымдарының басшылары, аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Жиында сөз алған "Нұр Отан" партиясы жанындағы балалардың құқұқтарын қорғау жөніндегі кеңес мүшесі Мансия Изказина , ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастар ісі және отбасы комитетінің басқарма басшысы Белкаиров Азамат қатысты.
М.Изказина бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде болғанына тоқталып, құзырлы орынның басшыларынан балалардың құқына пікір алысты. Сауалдарын жолдады.
Содан соң аталмыш жұмыс тобы аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиевпен бірге білім беру және денсаулық сақтау нысандарын аралады. Алдымен орталық ауруханада орналасқан жартылай статционарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесіне бет бұрған жұмыс тобы бұндағы ем қабылдаушы балалардың жағдайымен танысты. Мұнда атқарылған жұмыстар мен жабдықтау құралдарына оң бағасын берді. Сонымен қатар, аудандық орталық балалар кітапханасында болып, оқушылардың келу, қатынау, әдебиетті пайдалану мүмкіндігін білді.
Бала құқықтарына қатысты сауалмен Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде болды.
Кешен директоры Б.Тиышбаева ұжымның озық тұстарын әңгімелеп, сабақтан тыс мезгілдегі үйірмелердің жұмысымен таныстырды.
Доссор кентінде Мақат мұнай және газ технологиялық колледжіне аялдаған меймандар мұндағы мамандыққа баулу бағытындағы жұмыстың ұйымдастырылуы, тәрбие мен білім беру процесінің озық үлгілеріне қанықты.
Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің оқушыларының үлгерімі мен әлеуметтік әлсіз жанұяларға жасалған қамқорлық, оқушылардың қажетті құрал-жабдықтармен қамтылу жайына қаныққан жұмыс тобы С.Шәріпов атындағы мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің жатын орыны, тазалығы мен тамақ ішетін ыдыстарына дейін қонақтардың назарынан тыс қалмады.
А.Садыков
сурет автордікі