Волейболдан қайырымдылық турнир өтті

Волейболдан қайырымдылық турнир өтті
(0 Votes)

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің» демекші, қайырлы істің ұршығын иірген аудан жастары нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. 

Апта басында ауданымыздың кішкентай тұрғыны Мырзаның еміне қаражат жинау мақсатында қыздар арасында волейболдан қайырымдылық турнир өтті.

Аталмыш қайырымдылық турнир Әлия Әбдіғалиева мен «Волейбол тайм» командасының бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Сондай-ақ, аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Нұрлан Исполов, демеушілік еткен «Адай» фотосалонының иесі Қуаныш Ермеков, «Бекзат» азық-түлік дүкенінің иесі Айман Айтжанова және сайысқа қатысушы әрбір команда жарна төлеу арқылы қайырымды іске бір кісідей атсалысты.

Аталмыш турнирге Мақат, Доссор, Атыраудан келген 8 команда катысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде, III орынды «Береке» Атырау командасы, II орынды «Доссор» БЖСМ командасы иеленді. Өзгелерден оқ бойы оза шапқан «Ривер» Атырау командасы I орынды қанжығасына байлап, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал, жарыстан түскен қаражат Мырзаның есепшотына аударылды.

Осылайша, ауданның белсенді жастары қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан жерлесімізге қолдау көрсетті. Ендеше, халқымыздың қанына сіңген игі қасиетіміздің сауабы оң болғай!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT