Тым болмаса, тал егіп қалдырайық...

(0 Votes)

Бүгінгідей қарбалас кезеңде әр саланың мамандары өз міндеттерін атқарып, ешкім қарап қалып жатырған жоқ.  Мұндай сәтте бәріміз жұмылған жұдырықтай  әр нәрсеге өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Бәріміз біріксек, мұны да жеңеміз.

Мақат кентінде де, Доссор кентінде де осы жағдайға байланысты барлық адамдар да өздерінің міндеттерін орындап жатыр. Соның ішінде Мақат ауданының әкімі Ш.Кейкин бір жерден,  оның орынбасары О.Жаңбырбайқызы бір жерден  барлық жерлерде де өздеріне міндеттелген жүктемені қадағалап, осындай қиын жағдайға қарамастан, халықты біріктіріп жұмыс жасауда. Ауданның тазалығы, аудандағы халықтың азық-түлікті тұтыну жағдайлары әзірге жаман емес. Барлық жағдайларды қолдарынан келгенінше жасағылары келіп жатыр. Бұл рете біз де сіздерді  сабырға шақырамыз. Не де болса, қазіргі жағдайда біздің қолымыздан келетін ең тиімдісі, ол - үйде отыру, сыртқа себепсіз көп шықпау. Бірақ үйде отырғанда да тек қол қусырып отыруымыз жарамайды. Үйде де шаруашылық жетеді. Қазақ айтқан ғой: "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деп. Қазір тал егіп, шарбақтардың ішіне өсімдік егіп, ешкімге ешкім көп қосылмай, осындай пайдалы жұмыстар атқарған дұрыс қой деп ойлаймын.

Қазіргі жағдайда бүкіл Қазақстан, оның ішінде, мен Мақат ауданының дәрігерлеріне және осы халық күзетінде тұрған полиция қызметкерлеріне халықтың жағдайы үшін аяқтарынан тік тұрып біздерді қорғап жатырғаны үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Сабырлы бола білейік, ол өзі бәрін жеңеді. Өмір болғасын, қиындық та болады, қуаныш та болады. Бұдан да өтерміз. Сондықтан да бәріңізді тек қана уайым-қайғыға көп салынбай, тазалықты кез келген жерде сақтап, оны жастарымызға өнеге етіп, осы жұмысымызды салихалы өткізейік дегім келеді.

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

Р.Үмбетова,
ардагер ұстаз, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT