Аудандағы көп қабатты үйлердің кіреберістерін дезинфекциялау шарасы қарқынды жалғасуда.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Мақат кентіндегі 73, Доссор кентіндегі 27 көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Антисептикалық құралдармен сатылар, есіктер, едендер, қол сүйеніштер тазартылды.
Доссор кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен кенттегі Н.Құсайынов көшесінің 108, 109 үйлері және М.Өтемісов көшесіндегі 113, 117, 120, 129, 134, 136, 139, 147, 171 үйлері (16 үйлік) дезинфекцияланды. Бұл жұмысқа ерікті түрде Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Азамат Бегалиев көмек көрсеткен.
Аталған жұмыстар алдағы аптада да жалғасады. Ол үшін аудан әкімдігінде арнайы дезинфекция құралдарының қоры дайындалған. Залалсыздандыру жұмыстарына әкімдік қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылатын болады. Вирусқа тек бірлескен күшпен ғана қарсы тұруға болады. Сондықтан, тазалық сақтап, дезинфекция жұмыстарына бірігіп атсалысайық!
М.Серікқызы