Мақат аудандық сотының төрағасы Г.Чингисов онлайн жүйеде жергілікті атқарушы органдардың заңгерлерімен жиын өткізді.
Басқосуға басты негіз болған үстіміздегі жылдың шілде айының 29-ында қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еді.

Төраға жиын барысында заңгерлерге қабылданған заңның қыр-сырын түсіндіріп, қолданыс аясын түсіндірді. "Wats ap-тағы" конференция әрі қарай өзара пікір алмасумен өрбіп, төраға өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді.
А.САДЫҚОВ
                                    
            
    
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						

