Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Абзал-Сенбі Самаликов “Доссормұнайгаз” бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу сұрақ-жауап форматында жүргізіліп, жұмысшылар өңірдегі өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жолдады.
Абзал-Сенбі Самаликов үгіт-насихат жүргізу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басты жеті жетістігі туралы түсінік беріп, онда көтерілген мәселелерді талқылады.
Шара барысында санитарлық талаптарға сәйкес, қауіпсіздік шаралары сақталынды.
Жиын соңында кездесуге қатысушылар «Nur Otan» партиясын қолдайтынын және партияға сенім артатындықтарын жеткізді.
“МТ”
«Nur Otan» партиясы Атырау
облысының
сайлау қоры қаражатының есебінен төленді