Төл газетімізбен 15 жылдан бері тығыз байланыстамын

(0 Votes)

Өз басым әр жыл сайын «Мақат тынысы» газетін жаздырып аламын. Аптасына бір рет шығатын басылымды асыға күтетінім де рас. 

Маған газет бетіндегі түрлі айдарлар мен алуан тақырыптағы мақалалар ұнайды. Сонымен қатар аудандық «Мақат тынысы» газеті ауданда болып жатқан жақсы хабарларды, тың жаңалықтарды  халыққа  жеткізіп, ел үшін талмай еңбек етіп келеді.

Ауданымыздың айнасы іспетті осы төл газетімізбен қоян-қолтық араласып, етене жақын, тығыз байланыс жасап жүргеніме 15 жылдай уақыт болды.  Осы уақыт аралығында газет менің рухани сырласыма, жан досыма айналды.

Газет бетіндегі сиясы кеппеген жаңа туындыларды оқып ой елегінен өткізіп, жақсы нәрселерді көкейге түйіп алатын кездер де көп болады. Өзім де білгенімді оқырмандарға ұсынып, газет бетіне жариялауға асығып тұрамын. Оқыған адамның рухани жан дүниесі тазарып, саяси-мәдени, әдеби-діни сауаты кеңінен ашылып, тілдің қадір-қасиетін танып білуге үлкен көмегі тиеді. Әсіресе газет бетіндегі туындылардың жастарға берер үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиесі ұшан-теңіз.

К.АЛИШЕВА,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT