Осы аты жаман індет басталғалы қарапайым мамандығы жоқ азаматтардың бәрі дәрігер болуға айналды.
Бір жағынан мұның жақсы жағы да бар. Өйткені аурудың симптомдарын өзіміз біліп отырамыз. Сақтық шараларын аламыз. Ем-домды қабылдау ретін түсінеміз. Келесі бір жағы әбден үрейге бет алдырып алдық. Әлеуметтік желілерден келетін түрлі хабарлардың біріне иланып, ондағы емді қабылдап жатқандар да жоқ емес. Десек те, қарапайым сақтық шараларын отбасымызда орнымен алып отырғанымыз дұрыс деп ойлаймын.
Менің айтарым, осы соңғы екі айдың ішінде Мақат дәріханаларынан термометр таппай, сандалып жүрмін. Қазір көптеген дәрілер келіп, халықтың дәріхана алдындағы топталуы да азайыпты. Әрбір екі күн сайын Мақаттағы үш дәріханаға барып, әлсін-әлсін термометрді сұрап қоямын. Әлі келмепті. Сонда қаншама қымбат дәрілер келіп жатқанында, кішкене термометр неге жоқ? Мен газет арқылы осы сауалдың жауабынан бұрын құзырлы орынның аталған медициналық құралмен қамтылуын қамтамасыз етуін сұраймын.
ГҮЛЖАЙНА,
оқырман
Мақат кенті
Сурет: ашық дереккөз