Теріс ағым терезеңді қағып тұр

(0 Votes)

«Теріс діни ағымдар уағызы -заңсыз уағыздар тақырыбымен №6 кітапханада сұхбат кеш өтті.

Кешке Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы, дінтанушы Дәурен Құттыбаев, тұрақты оқырмандар мен Х.Санбаев атындағы орта мектептің 9-сынып қатысты. Кездесу барысында бейбітшілікті ту еткен дәстүрлі діни бағыттың құндылықтары түсіндірілді. Сондай-ақ, ел тыныштығына қауіп төндірген экстремистік бағыттағы діни ағымдардың өкілдерінің үгіттеуіне түсіп кетпеу жолдары қарастырылды.

Қазіргі таңда жастардың теріс діни ағымдардың қатарына өтіп кетуінің бірнеше факторлары бар. Соның ішінде басты фактор ол -діни білімсіздік болып келеді дейді. Сонымен қоса, дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың айырмашылығы, теріс діни ағымдардың көрінісі мен олардың таралуы жайлы ой-пікірлері туралы айтылды.

Аталған шараға қатысушылардың тарапынан қойылған түрлі сауалдарға дінтанушы маман жауап беріп, қандай да бір сұрақ туындаған кезде мәліметті Қазақстанның ресми сайттарынан немесе мешіт имамдарынан алуға кеңес берді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521