Жемқорлық ел дамуын тежейді

(0 Votes)

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.

Осы жылдың 14 наурызы күні Астана қаласында Азаматтық бастамашылықтардың ІІ конгресі өтті.

Конгресс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды. Мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.С.Әшімбаев, Қазақстан Республикасындағы ЕҚЫҰ – ның елшісі Дьердь Сабон, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төрағасы А.Ж.Шпекбаев сөз сөйлеп, сыбайластықпен күрес маңыздылығын атады.

Сондай-ақ, нақты іс-қимылдарды біріктірер жобалармен таныстырылым өтті. Мысалы, «Азаматтық бақылау» жобасы көңілге қонымды. Оны реттеу, жүзеге асыру мүмкіндігі барлық аудандарда бар.

Сөйлеушілер сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алу маңызды мақсат екеніне тоқталды. Бүгінге дейінгі жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар реті таныстырылып, қол жеткізген оң нәтижелермен бөлісті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мониторинг азаматтық қоғам өкілдерімен мемлекеттік органдардың және бағдарламалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкіндіктерін қадағалаудың және бақылаудың тетігі болып табылады. Бұндай тетік мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын арттыруда маңызды рөл атқаруға арналған. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда. Қорытынды сөзім, қызмет бабына қарамастан, барша қазақстандық ел дамуын тежеуші дертке қарсылық көрсетіп, кемшіліктерді болғызбауы керек.

Ә.МЕҢДАЛИЕВА конгреске қатысушы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521