Кітапханадағы «қазан шегелеу»

(0 Votes)

Наурыз - ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.

Мерекеге орай аудандық балалар кітапханасында кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Наурыз-мәңгілік ел салтанаты» атты мерекелік шара өтті. Ата-бабаның кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулуды мақсат еткен шараға оқырмандар, кітапхана зейнеткерлері мен қызметкерлері қатысты. Қазақы дастархан жайылып, ас мәзірінен: бауырсақ, шелпек, қазы-қарта, тары-талқан, құрт секілді қазақтың ұлттық тағамдарын орын алды.

Ұлттық киіммен талшыбықтай бұралған қыздар барлық қонақтарға мерекенің басты тағамы -наурыз көже ұсынды.

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Алмаш Мұсағалиева ұлттық салт-дәстүрімізге енген әдет-ғұрып, жоралғыларды танытуда мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап, мерекемен баршаны құттықтады. «Қазан шегелеу» салт-дәстүрінен көрініс қойылып, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып, «осы үйдің қазанын шегелей келдік» деп дастархан басына жайғасты.

Шара кезінде оқырмандарға салт-дәстүрге байланысты байғазы, көрімдік, бастаңғы, ерулік, жасау сынды жоралғылар жөніндегі сауалдарға жауап іздеген қатысушылар көңілі сергіп, білуге, біле беруге құлшыныстары ерекше артта түсті. Шара ақсақалдың наурыз батасымен аяқталды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521