Теміржолшыларға құрмет көрсетілді

Теміржолшыларға құрмет көрсетілді
фото: Суреттер автордікі
(0 Votes)

Елімізде тамыздың алғашқы жексенбісі көлік және байланыс қызметкерлері күні мерекесі болып аталып өтіледі. 

Осынау айтулы мереке тұсында "Болатжол" бастауыш партия ұйымында "Аманат" партиясы Мақат аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев теміржолшылармен кездесті.

Кездесу барысында ол шойынжол майталмандарынан құралған бастауыш партия ұйымының аудандағы атқарар рөлі зор екенін және ұйым мүшелерінің саны жылдан жылға артып келе жатқанын айтып өтті.

Сонымен қатар, ол өңірдің теміржол саласының дамуына ат салысып, қажырлы еңбек етіп жүрген құрметке лайық бір топ сала мамандарын арнайы алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті.

Олардың қатарында Р.Есениязов, Е,Жақсыбаев, Е.Ілиясов, Қ.Кәрімов, М.Қалыбекқызы, К.Исмуханова, Т.Шахатов, А.Хизатолла, Р.Декеев, А.Бектұрғанов, Г.Егізбаева, Қ.Кекілбаева бар.

Одан өзге аудандық Локомотив пайдалану депосы және "Қамқор Локомотив" жөндеу депосы бастығының және кәсіподақ төрағасының алғыс хаттарымен қызмет жолында жоғары көрсеткіш көрсетіп жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Кездесу соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Б.Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT