Теміржолшылар арасында спартакиада өтті

фото: Суреттер автордікі
(0 Votes)

Ауданда көлік және байланыс қызметкерлері мерекесіне орай теміржолшылар арасында спорттық спартакиада өтті.

Екі күнге созылған спартакиада барысында спорттың үш түрі бойынша сегіз команда бақ сынап, тартысты ойын көрсетті.

Спартикиада алдымен арқан тартыс ойынынан басталды. Ойын қорытындысы бойынша "Қамқор Локомотив" командасы ІІІ орынды, "Депо ПТО" командасы ІІ орынды, ал "Мақат Станция" командасы І орынды иеленді.

Сонымен қатар, волейбол ойыны бойынша "ВП" командасы ІІІ орынға, "Мақат станция" командасы ІІ орынға, "Мақат локомотив пайдалану депосы" командасы І орынға ие болды.

Жарыстың екінші күні теміржолшылар арасындағы кіші аяқ доп ойынымен жалғасты. Ойын нәтижесі бойынша "ҚТЖ ЖТ" командасы ІІІ орынды, "Қамқор Локомотив" командасы ІІ орынды, ал "Мақат Локомотив пайдалану депосы" І қанжығасына байлады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар алғыс хаттармен марапатталды.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521