АЭС-ке байланысты түсіндірме жұмыстары жүруде

Халықтық штаб өкілдері халық арасында
(0 Votes)

Бүгін Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің тарих ғылымдарының докторы, доцент, Мақат ауданының «Құрметті азаматы» Лесқали Бердіғожин мен тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Сапанов Сайфолла Жұмабайұлы аудандағы бірқатар ірі мекемелерге бас сұғып, АЭС-ке байланысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстары кезінде Мақат пайдалану депосы, Мақат техникалық қызмет көрсету пункті мен Мақат желілік-өндірістік басқармасының жұмысшыларымен кездесіп, АЭС салынуына ғылыми тұрғыдан талдаулар жасап,белсенді түрде референдумға қатысып, дауыс беруге шақырды.

Кездесу барысында алдағы 2035 жылға қарай энергия тұтыну деңгейі 25-30% дейін өскен кезде энергия көзінен тапшылық туындамау үшін бейбіт атомды энергияның салудың маңызды екендігі баса айтылды.

Сондай-ақ АЭС көмір, газ, жел және су энергиясымен бірге еліміздің кешенді энергия жүйесін қалыптастыратындығы туралы тілге тиек етіліп, электр энергиясының бағасы қолжетімді болатындығы негізделді.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521