Тазалық акциясы басты назарда

Тазалық акциясы басты назарда
фото: Мақат тынысы редакциясынан
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бүгін «Әділетті Қазақстан:заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. 

Аталмыш Жолдауда Президент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталып өтті.

«Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты» - деді өз сөзінде.

Жалпы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауданымызда да кең көлемде өріс алды. Әр аптаның бейсенбісі күні акция аясында игі бастамалар іске асырылып жатыр.

Сондықтан барлық аудан тұрғындарын экологиялық акцияға қатысуға, ауыл, аула тазалығын сақтауға шақырамын.

Естай Мақсотов,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT