Бүгін аудан әкімінің қолдауымен аз қамтылған отбасылардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Іс шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов, Мақат кентінің әкімі Болатбек Сәрсен және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Сүлейменов жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушылардың қадамына сәттілік тіледі.
Осылайша, «Мектепке жол» акциясы аясында Мақат кентінен 60 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке үйлестірілді.
Аталмыш акция әрі қарай Доссор кенті мен Бәйгетөбе ауылдық округінде жалғасын табатын болады.
"МТ"