АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
фото: Ж.Қамза
(0 Votes)

Аптаның дүйсенбісі күні Мақат ауданының 100 жылдығына орай “Аудан әкімінің кубогы - 2024” мекемелер арасындағы спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш спартакиада Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мен бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын мекеме қызметкерлері арасында насихаттауды мақсат етті.

Салтанатты шарада алдымен сөз алған аудан әкімі Азамат Саматұлы құттықтау сөз сөйлеп, спорт және дене шынықтыруды дамыту – мемлекеттік ауқымдағы маңызды бағыттардың бірі екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, барлық командаларға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдардамасымен жалғасты.

Еске сала кетейік, бес күнге созылатын аталмыш спартакиада спорттың 8 түрінен (футбол, волейбол, үстел теннисі, гір көтеру, жеңіл атлетика, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ) өтетін болады.

Қ.ӘСЕМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT