Тазалық акциясының нәтижесі қандай?

(0 Votes)

Тазалық үлкен-кіші, жас-кәрі деп талғамайды. Баршамызға Жер-ана топырағы, Тәңірдің берген ауа, туған жер ортақ. Ал, туған өлкеге, кіндік қаның тамған жерге деген сүйіспеншілік тазалықтан бастау алады.

Аудан тұрғындарының да табиғатқа деген жанашырлығын өз аулалары мен үйінің айналасын таза ұстауынан аңғарамыз. Әр отбасы өз ауласын таза ұстап, жасыл желекпен гүлдендірсе міне сол туған жерге деген үлкен құрмет болмақ.
Ауданда осыдан екі ай бұрын Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37 баптарына және аудан әкімінің "Санитарлық тазалық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және аудан елді мекендерінің санитарлық жай-күйі мен көріктендірілуі жөнінде» қаулысына сәйкес тазалық акциясы ұйымдастырылған болатын. Екі айға созылған аталмыш «Таза аудан» санитарлық тазалық акциясына аудандағы мекеме қызметкерлері мен тұрғындар бір кісідей атсалысты. Иә, ауданның жәй-күйі оның тазалығынан байқалады. Дегенмен бүгін ғана тазалып, қоқысын жинап кеткен көшеде келесі апта тағы бір қоқыстың мүйіші шығып тұрады. Осы ретте ауданымыздың тазалығын бей-жай қармайтын тұрғындар бұл акциядан сырт қалмады. Бір кісідей атсалысып, үй маңайын абаттандырып, аудан көркін одан әрі көріктендіре түсті.
Акция аясында "Үлгілі үй, таза аула", "Үлгілі көп қабатты тұрғын үй", Үлгілі қоғамдық ғимарат" номинациялары бойынша байқау жарияланған болатын. Санитарлық тазалық айы басталғалы бері белсенділік танытқан аудан тұрғындары ескерусіз қалмай, үлгілі деп танылған қоғамдық ғимараттар, тұрғын үйлер және көп қабатты тұрғын үйлер арнайы жүлдемен марапатталды.
Санитарлық тазалық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және аудан елді-мекендерінің санитарлық жай-күйі мен көріктендірілуі жөнінде екі айлық байқауында аудан тазалығы мен көгалдандыруына атсалысып, тазалыққа жіті көңіл бөліп, табиғатты аялап, қоқыстан тазартуға септігін тигізген аудан жанашырлары «Егемен» көшесі 46 үй тұрғыны Т.Жұмабайұлы, «Егемен» көшесі 54 үй тұрғыны Ж.Зейноллаұлы, Е.Аманбердиев көшесі 59 үй тұрғыны Т.Оспанұлы және "Мұнайшы газеті" көшесі 81 үй тұрғыны Ж.Сағынғалиұлы, "Інжу" кәсіпкерлік ғимаратының иесі Т.Сәттібайұлы, "Нұрбөбек" балабақшасы және Мақат аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ұжымы кент әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, "Үлгілі үй, таза аула" номинациясына Б.Берікбаев көшесіндегі 187 үй лайық деп танылса, С.Алиев көшесіндегі 80/6 үй "Үлгілі көп қабатты тұрғын үй" номинациясымен марапатталды. Мемлекеттік мекемелердің арасынан ғимарат алдын таза ұстап, көркін көркейте түскен аудандық мәдениет үйі ұжымы "Үлгілі қоғамдық ғимарат" номинациясын жеңіп алды. Табиғатқа жанашырлық танытып, тазалық акциясының басты жүлдесін иеленгендерге арнайы көше тақтайшасы табысталды. Оны тұрғындар өз шарбақтарына іліп, өзгелерге үлгі болмақ.
Айта кетейік, санитарлық тазалық акциясы аудан көркін келтіріп, көркеюі мен гүлденуіне зо көмегін тигізді.


А.Таубаева
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521