Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкиннің қатысуымен «Қыс – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Алдымен 82/2 көпқабатты тұрғын үйдің автокөлік тұрақ алыңында аудандық азаматтық қорғау қызметінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ, ауданның тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың күш-құралдар мен техникалардың әзірлігін тексеру мақсатында саптық тұрғызу ұйымдастырылды.
Саптық жиын барысында алдымен аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің төтенше жағдайларды жоюға күштері мен құралдардың дайындығының жай-күйін тыңдап, жедел әрекет ету жасағының дайындық деңгейін бақылады.
Оған 19 мекеме, 100-ге жуық қызметкер, 37 әртүрлі техника жұмылдырылды.
Саптық жиыннан соң, қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимылдар жүйесі пысықталды.
Ә.ҚАСЫМ
Суретті түсірген: Б.СЕРІК


