«Тауарлар бағасын сатушы ауызша айтып тұр»

(0 Votes)

Өткен аптада “Атырау адалдық алаңы” жобалық кеңсе қызметкерлері ауданымызда болып, карантин талаптарын сақтау мақсатындағы жұмыстардың тұрақты түрде жүргізіліп жатырғанын аудан әкімі жанынан құрылған мобильді топпен бірге бақылау жүргізді.

Күшейтілген санитариялық - дезинфекциялық талаптардың сақталуына көз жеткізу мақсатында кәсіпкерлік нысандар оның ішінде дүкендер, дәріхана және базарлар бақыланды. Қоғамдық бақылау кезінде саудагерлер мен тұрғындар арасында инфекция жұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтамау көріністері байқалды.

arennn

Орталық базарда көкөніс сатып отырғандардар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы 43-ші қаулысының 5-ші қосымшасында көрсетілген талаптар: дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті), кіреберісте, сауда залдарының холында, әрбір 50-100 метр сайын дәліздерде тері антисептигінің болуы, персонал мен келушілер үшін медициналық маскаларды міндетті түрде кию.

pvvaa

Өкінішке орай, ауданда әлі де санитарлық нормалар толық сақталып жатырған жоқ. 11 маусымнан бастап санитарлық норманы сақтамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы көзделген.

Шағын базарда сатып алушылар арасында бір метрден кем емес әлеуметтік қашықтық сақталмай, адамдар арасында артық кезектің пайда болуына жол беріліп отырғанына көз жеткіздік. Дүкен иелері іргелес аумақты таза ұстамай, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз етпеген. Міндетті түрде күніне кемінде 2 рет дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау өткізілмегені анықталды.

ddddddddddddd

Бұл күні сондай-ақ, аудан әкімдігі жанынан құрылған карантин жағдайына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын өсірмеу жөніндегі штаб пен орталықтағы базарларда, бөлшектеп және көтерме сауда орындарында рейдтік шара ұйымдастырылды.

Бақылау барысында сауда жасаушы адамдардардың көп болғанымен, күнделікті қажетті тауардың, азық-түліктің жеткіліктілігі анықталды.

ldldlddl

Маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру және мүмкін болатын алып-сатарлық секірулерді болдырмау үшін жедел шаралар қабылдау мақсатында 2018 жылғы мамыр айында әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу функциялары берілді. Алайда, бүгін іс жүзінде әкімдіктер бұл функцияны толық пайдаланбай отыр деуге болады.

upppp

Олай дейтініміз, біз бақылап өткен сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары жазылмаған. Сатушы ауызбен шектік бағаларын айтады, бірақ сол арадағы тұрғындар олардың айтып тұрған бағалары өтірік екенін, бақылаушылар кеткен соң басқа бағамен сататындарын айтып жасырмады. Бақылау барысында макарондар түрлері: қарақұмық, күріш, ұн т.б тауарлар арнайы қапталып алынған, өлшемі жоқ екені анықталды.

parapir

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде тұздың шектік бағасы 49 теңге болса, сатылымға 65 теңгеге қойған. Қарақұмық жармасы (өлшеп салынатын) жоқ, алайда 700 гр - 350 теңге, шектік баға 1 кг - 335 теңгеден сататын сауда нүктесі кездесті. Көкөніс түрлерінен де баға өсімі байқалады. Мысалы, сәбіздің шектік бағасы - 107 теңге болса, сатылымда 200 теңге, пияздың шектік бағасы - 83 теңге болса, сатылымда 120 теңге, картоптың шектік бағасы - 94 теңге болса, сатылымда 120-130 теңге, қант бағасы - 228 теңге болса, сатылымда кейбір дүкенде - 260 теңге. Сонымен қатар, арзан бағадағы тауарлар да кездесті.  Олар қырыққабат, күріш, тауық еті, тауық жұмыртқасы. Базар басшыларымен, дүкен иелерімен, сондай-ақ, тұтынушылармен кездесіп, тауар бағасын орынсыз көтермеуі, ондайға жол бергендерге тиісті шара алынатындығы ескертіліп, залалсыздандыру шараларын қатаң сақтау түсіндірілді.

А.САДЫКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521