Бүгін Доссор мәдениет үйінде кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шараға бірқатар бөлім басшыларымен қатар, аудан кәсіпкерлері және тұрғындар қатысты.

Салтанатты шараның алғы сөзін алған аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин кәсіп иелерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген зор үлестерін атап өтіп, бірқатар кәсіпкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.


Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.


Айта кетейік, шара барысында аудан кәсіпкерлерінің өнімдері мен қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Ж.Қамза
Суреттер автордікі


