Табиғат - тіршіліктің алтын бесігі, адам өмірінің ажырамас бөлігі.
Оның тазалығы мен тұтастығын сақтау – әр азаматтың борышы. Бүгінгі таңда табиғатты қорғау - тек экологиялық мәселе ғана емес, ұлттың болашағына деген жауапкершілік.
Осы ретте елімізде қоршаған ортаны сақтау бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Соның жарқын дәлелі - жаңа қабылданып жатқан конституциялық жобада табиғатты қорғау қағидаттарының айрықша орын алуы.
Бұл бастама - табиғат тағдырына бейжай қарамайтын қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды шешім.
Сондықтан жаңа конституциялық жобада көзделген бастамаларды қолдау - туған жеріміздің табиғатын сақтауға қосқан шынайы үлес деп білемін.
Г.Қабылханқызы,
Мақат балалар өнер мектебінің ұстазы



