Мен үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – әділетті қоғамның негізгі өлшемі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Адам құқығы – мемлекеттің басты құндылығы» деп атап өткен еді.
Конституциялық жаңартуларда осы бағыттың күшейтілуі халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады. Әсіресе заң алдындағы теңдік пен әділ сот қағидаттарының нығаюы маңызды деп санаймын.
Бұл өзгерістер әр азаматтың өз құқығын еркін қорғауына мүмкіндік береді. Нәтижесінде қоғамда жауапкершілік пен құқықтық мәдениет қалыптасады.
Д.Серік
Мақат кенті тұрғыны



