Тұрғындар әлеуеті әкімдік назарында

(0 Votes)

Халықтың әлеуеті әрдайым жергілікті атқарушы орындардың назарынан тыс қалмайды.

Десек те, «тепсе темір үзетін» күш-қайраты бар, жас азаматтардың кей жағдайда масылдыққа бой ұрып, әлеуетінің төмендегенін әкімдіктен көріп, келеңсіз әрекеттерге барып жататыны жасырын емес. Оған себеп, күні кеше ғана әлеуметтік желілерде жария болған Бәйгетөбе ауылының №107 үй тұрғыны Сұлтанбек Жолжанұлының бейнежазбасының мақсаты тығырықтан шығудың жолы деп түсінуінде. Әрине, «Тас түскен жеріне ауыр» дегенмен, мәселе шешудің жөні заңмен ғана жүзеге асатынын тұрғындар ескергені жөн-ақ. Сондықтан, мемлекеттік қызметтің тізгінінде жауапты азаматтардың әрбір қадамы бақылауда тұратынын да жергілікті халық қаперден шығармағаны абзал.

Әр аптаның бейсенбісінде аудан әкімінің қабылдауында жауапты, дербес бөлім басшыларымен бірге тұрғындар мәселесіне қатысты арыздар мен өтініштер тыңдалып, заң шеңберінде нақты бағыт-бағдар беріліп отырады.

Аудан әкімі Жұмабай Қарағаев кезекті қабылдауында тұрғындардың әлеуметтік мұқтаждықтары бойынша өтініштерін мұқият тыңдап, жауап береді. Тұрғындардың бірі тұрмыстағы мұқтаждықтарын айтып мұң шақса, енді бірі қоғамдық ортақ мәселелерге де ден қойды. Сонымен қатар, ауған соғысы ардагерлері де ұжымдық мәселелері, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдаулар аясында кеңес алды.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі баспанаға мұқтаждық мәселелерін алға тартса, зерделеу жұмыстары анықтағанындай ауданда 4-санат бойынша, яғни «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, 2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтары, 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын баспанамен қамту кезек бойынша жүзеге асырылып отырғанын жадылады.

Әлеуметтік желілерде жария болған Бәйгетөбе ауылының №107 үй тұрғындары Қалиманов Жолжанұлы Сұлтанбек және қарындасымен бірге аудан әкімінің қабылдауында болып, мәселенің мән-жайын тарқатты.

Зерделеп көрсек, 2005 жылы жаңбыр суынан зардап шеккен үй тұрғындары апаттық жағдайда деп танылған үйі туралы техникалық құжатты 2016 жылы 27 желтоқсанда ғана рәсімдеп, 2017 жылдың 9 наурызында ғана «Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары» санатында №80-ші болып кезекке қойылған. Өткен 2018 жылдың қорытындысымен ауданда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау тізімін түгендеу жұмыстары барысында 275 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылған болатын. Осы кезде апатты жағдайда деп танылған үйлер санатындағы 21 азамат кезектен шығарылып, 13 азамат пәтермен қамтылған. Апатты жағдайда деп танылған үй тұрғыны Ж.Қалимановтың кезегі №55-ші боп алға жылжығаны анықталды.

Аудан басшысы қабылдауына келген әрбір азаматтың жеке құқын заңмен қорғалатынын жадылай отырып, Ж.Қалимановтың апатты жағдайдағы үй тұрғындары жарамсыз баспана зардабын тартпас үшін әзірге үй жалдап, күн көргеннен бөтен амалы жоқ екенін түсіндірді. Ал баспанамен қамту ауданда тұрғын үй тұрғызылғанда ғана кезегіменен берілетінін қаперледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521