Суретшілер сынға түсті

(0 Votes)

Жақында аудандық мәдениет үйінде Әділқайыр Жантасовтың 65 жылдығына арналған «Қылқаламның сиқыры» атты аудандық суретшілер байқауы өтті. 

Байқауда аудан мектептерінен қатысқан 7 үміткер 2 кезең бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда, «Үй тапсырмасы» деп аталатын бірінші кезеңде қылқалам шеберлері натюрморт немесе пейзаж жанрлары бойынша бір шығарманы дайындап әкелді. Ал екінші кезеңде берілген тақырыпқа байланысты бір сағат ішінде өз қиялдарынан сурет салып сынға түсті.

Білікті мамандардан тұратын қазылар алқасының шешімімен Пакизат Мамыт (C.Шарипов атындағы мектеп-интернаты) пен Айша Жайберген (Х.Санбаев атындағы орта мектебі) алғыс хатқа ие болды. Әділқайыр Жантасов атындағы арнайы жүлдені Сандуғаш Өмірәлі (Бәйгетөбе мектеп бөбекжай кешені) иеленді. Жүлде табыстар сәт келгенде, үшінші орын Арсен Өтегенге (Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі), екінші орын Нұрболат Әбдіғалиға (Мақат балалар өнер мектебі) және бірінші орын Даниэлла Смайлға (М.Баймұханов атындағы орта мектебі) бұйырды.

Байқау соңында О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің оқушысы Лана Жанболат аудандық мәдениет үйінің басшысы Кенжебике Айтмұқанқызының қолынан бас жүлдемен марапатталды.

Барлық қатысушылар мен жүлдегерлер арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен қайтты.

А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT