Мақатта "Эко - Демалыс" шарасы өтті

Мақатта "Эко - Демалыс" шарасы өтті
(0 Votes)

Бүкіл әлемде табиғатты, қоршаған ортаны қорғау мәселелері аса өзекті. Себебі, тұрғындардың денсаулығы, тұрмысы қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттің экологиялық саясатының басты мақсаты елдегі жасыл экономиканың үлесін арттыру болып отыр. Ауданда экология саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Ол үшін тұрақты түрде түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.  Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Айналайын баладан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Таза Мақат» экологиялық апталығы еді.

Акция аясында Мақат кентінде «Эко – Демалыс» шарасы өтті. Кент тазалығын арттырау мақсатында өткізілген шараға 60 жастан құралған 6 команда қатысты.

Бір қызығы, тазалық шарасы жарыс түрінде өтті. Яғни, әр команда өздеріне белгіленген аймақтағы күл-қоқысты тазартып, қоқыс толы қапты бірінші боп мәреге жеткізу керек болды. Акция аясында қатысушылар 15 тоннадан астам қоқыс шығарды.

Ал, қорытынды бойынша «Мақат БЖСМ» командасы жеңіске жетіп, 100 мың теңге қаражат ұтып алды. Жүлделі екінші орынды «Аудандық кітапхана» командасы алып, 80 мың теңгеге ие болса, «Тазалық» командасы үшінші орынды жеңіп алып, 50 мың теңгені еншіледі.

Сондай-ақ, белсене қатысқан «Волонтерлер», «Аудан әкімі аппараты жастары», «Аурухана» командаларына 30 мың теңге көлемінде сертификат табысталды.

Марапаттау шарасында әлеуметтік кәсіпкер, жүзім өсіруші, жылыойлық Бауыржан Хасанұлы қатысушыларға шеберлік сағатын өткізді. Ол ағаш өсірудің қыр-сырын, күтіп-баптауын түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Ә.ТАЛҒАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT