Балабақша – баланың жүйелі түрде тәрбие алатын ең алғашқы білім ошағы.
Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің мықты болуы сол бөбекжайда қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтсақ тәрбиешіге байланысты. М.Жұмабаевтың «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап шығаруы керек» деген сөзін ұстанған «Әсел» балабақшасының ұжымы бүлдіршіндер арасында сурет байқауын ұйымдастырды.
Басты тақырып әке-мен ананың, баланың арасындағы шығармашылықты көрсетіп, балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге баулу.
Сурет сайысының негізгі мақсаты ата-аналардың балаларға көңіл бөліп, олардың шығармашылық қиялын еркін жеткізе білуіне көмектесуге бағытталған.
Байқауда «Балауса» тобының тәрбиеленушілері Нұриман Жанболатұлы, Назерке Жанболатқызы, Ғабиден Нұрмұхаммед, Изабелла Ахметдинова және «Балбөбек» тобынан Мереке Ажарым, «Құлыншақ» тобынан Ғабиден Жақсылықтың қағаз бетіне түсірген суреттері жоғары бағаланды.
Барлығы да бүлдіршіндердің қиялдарындағы картинаны бейнелеуге тырысқан. Сайыс қорытындысы бойынша кішкентай жеңімпаздарға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.
Ж.АХМЕТОВА,
әдіскер