Мобильді топ: 128 заң бұзушылықты анықтады

(0 Votes)

Бүгінде карантин талаптары бастапқы кезеңге қарағанда едәуір жеңілдетілді. Алайда кейбір шектеу шаралары өз күшін әлі күнге дейін жойған жоқ. Ал сол шектеулердің тұрғындар тарапынан сақталуын арнайы аудан әкімдігінің жанынан құрылған мобильді топ күнделікті бақылауда. Осы уақытқа дейін жүргізілген рейд жұмыстары кезінде аудан бойынша бірнеше мәрте айыппұл да салынып үлгерді.

Аудан әкімдігінің жанынан құрылған мобильді топ күндізгі және түнгі рейд жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Олар аудандық бас санитардың қаулысындағы талаптардың сақталуын тексеріп, заң бұзушылық анықталған жағдайда айыппұл салады. Мәселен, бүгінге дейін мобильді топ карантин талаптарын бұзған 128 заң бұзушылық дерегін анықтаған.

whatsapp-image-2020-09-22-at-11_23_05-1

Мобильдік топ мүшелері Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округтері  бойынша күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тексеру барысында барлық кәсіпкерлік нысандардың, соның ішінде халық көп баратын азық-түлік дүкендерінің, базарлар мен сауда үйлерінің санитариялық талаптардың сақталуына және жеке тұлғалардың карантиндік шектеулерді ұстануына бақылау жүргізілуде.

whatsapp-image-2020-09-22-at-11_23_06

Өткен аптада жүргізілген кезекті рейд кезінде Мақат кентіндегі бірқатар сауда орындарына тексеру жүргізілді. Тұрғындар тарапынан дүкен қызметкерлерінің ескертуін құлаққа ілмей, нысанға бетпердесіз кіру жиі кездесетіні байқалды. Сондай-ақ, көшелерде де тұрғындардың  бетпердесіз жүруі көп кездесті.

whatsapp-image-2020-09-22-at-12_18_50

Қазір біраз шектеу жеңілдетілді. Десе де, бұл босаңсуға еш себеп болмауы тиіс. Карантин талаптарының сақталуы коронавирус індетін жеңуге септігін тигізетіні уақытпен дәлелденді. Себебі, түсіне білген адамға қаулыдағы барлық шектеу шарасы халықтың денсаулығы мен амандығы басты назарға алынған.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT