Аудандық ХҚКО-ның қызметкерлері қолжетімді қызмет түрлерін түсіндірді

(0 Votes)

Аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары Егов, Egov mobile, telegram порталының қолжетімділігі мен айқындылығын насихаттау мақсатында Мақат аудандық бөлімінде, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімдігі мен Доссор кенті әкімдігінде болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Порталдарды  пайдалану мен оның мүмкіндігін түсіндіру акциясы барысында өз-өзіне қызмет көрсету бөлімінің мамандары мен қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді онлайн алу жолдары түсіндірілді. Бөлім қызметкерлері Электрондық цифрлық қолтаңба болмаған жағдайда біржолғы смс құпия код арқылы алуға болатын қызмет түрлерімен таныстырды.

son-1

Акция барысында ХҚКО қызметкерлері келушілерге порталдың мүмкіндігі туралы, тіркеуді қалай өту, үй жағдайында ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен ғаламторға кіру арқылы өз компьютеріңізден мемлекеттік қызметтерді қалай алу туралы айтылып, «Электронды үкімет» порталының артықшылықтарын айшықтады. Порталдың барлық қызметін толық құқылы қолдану үшін, ең алдымен Электронды Сандық Қолтаңбаға тапсырыс беру қажет екендіктерін айта келе, Қазақстан Республикасының «Электронды Үкімет» порталы арқылы Электронды Сандық Қолтаңбаға өтінім беру жолдарын көрсетіп үйретті. Сондай-ақ, келушілердің бірі тұрғылықты жеріне тіркелуді, ал енді бірі зейнетақы аударымдарын ай сайын бақылап отырамын деп смартфондағы бар мүмкіндікті үйренді.

son-4

Акцияға қатысушы әрбір азамат e-gov бұрышы маманының кәсіби кеңесін алғаннан кейін алдағы уақытта үйде отырып, дербес компьютерлері арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтінімді рәсімдей алатындықтарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Түсіндірме жұмыстары аяқталғаннан кейін, сұрақ-жауаппен талқыланды.

son-5

Шара соңында бөлім басшысы Э.Утебаева онлайн қызметтерді алуға ниет білдіріп, қызығушылық танытқан, сондай-ақ егде жастағы адамдардың белсенділіктері үшін бөлім атынан естелік сыйлықтар табыстады.

son-2

Бөлім қызметкерлері бір күнде 50 келушіге аталмыш порталдардың мүмкіндіктерін түсіндірді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521