Мақаттағы құрылыс сапасы қадағалануда

(1 Vote)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында құрылған бақылау тобы мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатқан әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдар құрылысымен танысты.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Ербол Ермағанбетов бастаған топ құрамында аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов және мәслихат депутаттары мен Мақат кенті  әкімі Б.Сәрсен, бақылау тобының мүшелері  болды.

kezdesti

Топ әуелі Л.Шахатов атындағы орта мектебінде болып, күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, құрылыстың сапасын тексерді.

Құрылыс басында бақылау тобын қарсы алған «Гама К» ЖШС  директорының орынбасары Ізбасар Бердиев құрылыс жұмыстарының бүгінде 70 пайызы жүзеге асқандығын айтты.

Мұнан кейін бақылау тобы  Мақат кентінен салынып жатқан кәріз суын тазарту стансасының құрылысында болды. Іске қосылса күніне 3000 м куб кәріз суын тазартатын нысанның құрылысы 2018 жылы басталған болатын. Құрылысты жүргізіп жатқан «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС жұмысқа қазір 52 адамды тартып отыр. Оның 10-ы жергілікті жердің тұрғындары.

deputaty

sybaiy

Топ мүшелері кентішілік жаяу жүргінші жолдары мен автокөлік жолдары құрылысын жүргізуші  мердігер «Ақжол құрылыс» ЖШС жұмысымен де танысты. Учаске бастығы Н.Есеналиевтің айтуынша, кенттегі  5,6 шақырым автокөлік жолының және 3,8 шақырым жаяу жүргіншілер жолының құрылысына 13 техника мен 39 жұмысшы тартылған.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT