СПОРТШЫЛАР - ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

СПОРТШЫЛАР - ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
(0 Votes)

Бүгін Доссор мәдениет үйінде спорт күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Әсел Шайзадақызы құттықтау сөз сөйлеп, ауданда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп келетіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, аудан абыройын асқақтатып жүрген споршылардың еңбегіне тоқталып өтіп, бірқатар спортшыларды облыс және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Құттықтаулар легін жалғаған спорт ардагері Табылды Демешұлы спортшылардың әрбір жеңісі - ұлт рухын көтеретін баға жетпес жетістік екендігін жеткізді.

Мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер авторы: Б.СЕРІК

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT