Таласқали әулетінің келіндері топ жарды

(0 Votes)

Атырау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы филармонияда абысын-ажындар арасында «Татулықтың тұмары» атты облыстық өнер байқауы өтті.

 Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқаудың басты мақсаты - қазақ халқының бай мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғыртып, өнерлі де өнегелі келіндерді таныту, абысындар арасындағы жарасымды қарым-қатынасты үлгі ету болды.

Байқауға қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түсті.

Осы ретте аудан намысын қорғаған Тасқали әулетінің он келіні байқау барысында жоғары өнер көрсетіп, әділ қазылар алқасының шешімімен І орынды иеленді.

Осылайша, Тасқали әулетінің келіндері алдағы қазан айында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Айта кетейік, бұл жеңіс әулеттегі бірліктің, өнер мен өнегенің, ұлттық болмысқа деген құрметтің жарқын көрінісі болды.

Г.ЖҰБАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT